Lifeskills.kZ жобасы туралы
Өмірлік маңызы бар дағдылар – бұл адамның күнделікті өмірде тиімді әрекет ету, оның талаптары мен өзгерістеріне лайық болу қабілеттері.
Дағдылардың тізімі және олардың қалыптасуы адамның жасы мен оларды қолдану жағдайларына байланысты. Мысалы, шешім қабылдау, адамдармен өзара әрекеттесу, эмоциялық интеллектті дамыту, келіссөздер жүргізу, жобаларды жүзеге асыру шеберлігі.
Жастар корпусын дамыту жобасы – бұл Халықаралық қайта құру және даму банкі мен ҚР Білім және ғылым министрлігінің бірлескен жобасы. Жобаны Үйлестіру агенттігі жүзеге асырады.
Жобаның мақсаты – жастарды, әсіресе осал топтарын қоғамдастық өміріне тарту және қоғамдық пайдалы қызмет дағдыларына оқыту бағдарламасы арқылы өмірлік маңызы бар дағдыларын дамыту.
Видео
Жаңалық