Жаңалық

Жаңалықтар бөлімі

ЖАСТАР КОРПУСЫН ДАМЫТУ ЖОБАСЫНЫҢ ҚАТЫСУШЫЛАРЫН ОҚЫТУДЫҢ БІРІНШІ КЕЗЕҢІ АЯҚТАЛДЫ
2018-07-23

Жастар корпусын дамыту жобасының қатысушыларын оқытудың бірінші кезеңі 24-29 шілде аралығында Қазақстанның төрт облысында (Алматы, Қарағанды, Павлодар және Оңтүстік Қазақстан) өтті. Оқытуға барлығы 857 адам қатысты. Алты күндік тренингтер Талдықорған, Қапшағай, Қарағанды, Теміртау, Балқаш, Қарқаралы, Жезқазған, Павлодар, Ақсу, Екібастұз, Ертіс, Шымкент, Сарыағаш, Қазығұрт, Кентау, Түркестан қалаларының облыс және аймақтық орталықтарында өтті.

Тренингтерді конкурстық іріктеуден, алты күндік оқытудан өтіп, тестілеу мен жаттықтырушы құзыреттерін бағалау негізінде «Ментор және жаттықтырушы» сертификатын алған менторлар өткізді.

Жастарды оқыту өмірлік маңызы бар дағдыларды дамыту мен жобаларды басқаруға бағытталды. Алты күндік тренинг интерактивті әдістемелерден – «ой-талқы», жаттығулар, рөлдік ойындар, жұптармен және шағын топтармен жұмыс істеу, презентациялардан құрылды. Тренинг шеңберінде жас адамдар коммуникациядағы, шешімдер қабылдау мен жанжалды басқарудағы жаңа тәсілдемемен танысып қана қоймай, қолданып та көрді. Олар өз эмоциялары мен өзге адамдардың эмоцияларын, сондай-ақ, өзін-өзі реттеу тәсілдерін түсінуге үйренді, командалық жұмыстағы рөлдерді және өз жобаларын іске асыруда серіктестермен өзара әрекеттесу жолдарын көрді. Оқытудың маңызды бөлігі жастар әлеуметтік жобаларының құрылымын зерттеу болды: олар менторлардың көмегімен өз жобаларын жетілдіріп, тәуекелді бағалай, іс-әрекет және бюджет жоспарын қайта қарай алды.

Енді грант алған қатысушылар өз жобаларын іске асыруға кірісуде. Оқытудан кейін, оларды айына екі рет сессиялар ұйымдастыра отырып, менторлар қолдап отырады. Күздің аяғында оларды алты күндік тренинг күтеді.

Өтінеміз, қосымша ақпарат алу үшін, Жобаның баспасөз қызметімен 8 7172 500 771 телефоны бойынша хабарласыңыз немесе press@zhasproject.kz электрондық поштасына жазыңыз.