Жастар корпусын дамыту жобасы Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы 2016 жылдың 18-ақпанында №454-V ҚРЗ Қазақстан Республикасы Заңымен ратификацияланған, 2015 жылдың 10-қыркүйегіндегі №TF014174 грант туралы келісім аясында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігімен іске асырылды.

 

Жоба мақсаты – қоғамдастық өміріне жастарды тартуды ынталандыру және жастардың осал топтарының арасында қоғамдастық игілігіне жарайтын қоғамдық-пайдалы іске үйрету бағдарламасын іске асыру арқасында өмірлік маңызы бар дағдыларды дамыту.

 

Жоба үш компоненттен тұрды:

1. Қоғамдастық игілігіне бағытталған қоғамдық пайдалы іс дағдыларына үйретуді және өмірлік маңызы бар дағдыларды дамытуды қолдау.

2. Мемлекеттік жастар саясатын іске асыруды институционалды дамытуды қолдау.

3. Жобаны басқару, мониторингтеу және бағалау.

1 компонентті іске асырумен «Қазақстан жастар конгресі» ЗТБ, «Ұлттық волонтерлік желі» ЗТБ, ««Жасыл ел» Жастар еңбек отрядының республикалық штабы» ЖМ секілді үш республикалық ұйымнан тұратын концорциум түріндегі Үйлестіру агенттігі айналысты.

Үйлестіру агенттігі қызметін Нұр-Сұлтан қ. Орталық кеңсе және аймақтық кеңселер желісімен жүзеге асырды.

 

Үйлестіру агенттігі қызметінің негізгі бағыттары мыналар болып табылады:

  • Әлеуметтік жобаларды іске асыру үшін грант беру және гранттық бағдарлама аясында әлеуметтік шәкіртақы төлеу.

  • Жастардың осал тобымен жұмыс істеу және оларды Жобаға тарту.

  • Өмірлік маңызы бар дағдыларды дамыту және жобаларды басқару мәселелері бойынша оқыту.

  • Үйлестіру, ақпараттық-түсіндіру науқаны, кері байланыс және мәселені шешу тетігі, есептілік.

 

Жоба жастардың қоғамдық қызметке араласуына, қажетті дағды мен бастамашылдықты дамытуға жағдай жасайтын және Қазақстандағы жастар бағдарламасы мен жобаларындағы құқықтық негізбен толық үйлесетін жастардың оң дамуының кешенді тәсілдемесін пайдалануды қолдайды.

 

Материал Қазақсатан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің зияткерлік меншігі болып табылады.

Материалды көшіру және/немесе пайдалануда міндетті түрде түпнұсқаға сілтеме жасалуы қажет.

 

WWW.ZHASPROJECT.KZ